2023 жылы отбасының цифрлық картасы арқылы 843,9 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Сонымен қатар 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды», – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Бүгінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Қазіргі уақытта ОЦК арқылы өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік бар.