Астанада 20 ақпанда бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Астанада 20 ақпанда бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы хабарлады.

"2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген хабарламада.