"45 градус аяз, бұрқасын, тұман": 21 ақпанға ауа райы болжамы жарияланды

Жетісу облысында -30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 градус қатты аяз сақталады.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 ақпанда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасынмен қар сақталады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Жетісу облысында -30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 градус қатты аяз сақталады.