49 миллион теңге залал: Киберқылмыс жасады деген күдікпен қарағандылық ер адам ұсталды

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

2023 жылғы 30 қаңтарда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электронды  қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.