Бас сейсмолог көпшілікке үндеу жасады

Бұған дейін Алматыда жер сілкінісі тіркелген болатын.

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсембаев алаңдауға негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін 10:15-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл – 23 қаңтарда болған қатты жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бастап біз 8000-нан аса жерасты дүмпуін тіркедік. Оның 100-ден астамының магнитудасы 5 балдан жоғары болды. Тек 20-сын ғана сездік", – деді ол. 

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы көпқабатты үйде тұратын әрбір алматылық білуі керек 10 қарапайым  ережені еске салған болатын.