Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері әлем кубогына аттанады

31 наурыз бен 11 сәуір аралығында өтетін жарысқа Қазақстан құрамасынан алты спортшы қатысады.

Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан әлем кубогы өтеді. Аталған жарыста Қазақстан командасы да бақ сынайды.

Bassport.kz-тің жазуынша, 31 наурыз бен 11 сәуір аралығында өтетін жарысқа Қазақстан құрамасынан алты спортшы қатысады. 

Олар: 

45 келі: Айнұр Әбдіхалықова

55 келі: Ерназ Алпысов

59 келі: Дарья Балабюк

+87 келі: Айсамал Сансызбаева

109 келі: Мейрам Сұлтан

Аталған турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін рейтингілік ұпайлар да беріледі.