Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен табылған баланың ата-анасы ұсталды

Олар – 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел.

Қарағандыда полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды polisia.kz.

Олар – 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел.

"Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", – деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Өзге ақпараттар тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқаны хабарланды.

Жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, Оңтүстік-шығыс ауданында үйдің дәлізінде нәресте жатқанын айтқан.