Астананың Есіл ауданының әкімі тағайындалды

Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті.

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» Қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.

29.08.2012 – 06.02.2013 жылдар аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

07.02.2013 – 18.03.2013 жылдар аралығында Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

18.03.2013 – 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды.

2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.