"Умраға барған соң қойғанмын": желіде Нұрлан Еспановтың ұлы Олжастың кешірім сұраған хаты тарады

Ол жерде Олжас жазған сөздеріне өкінетінін айтып, кешірім сұраған.

TikTok желісіне Айсұлу есімді қолданушы танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжаспен жазысқан хатын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол жерде Олжас жазған сөздеріне өкінетінін айтып, кешірім сұраған. 

“Осылай адам құсап сөйлесейік десең, өзің диалогке келмей жатырсың. Халықтың алдында абыройым айрандай төгілді. Кінә менен болды. Өзің де біліп тұрсың. Ойнастықтан болған болар. Пендеміз ғой, қателестім. Алла алдында жауап беремін. Бұл өмірде ешкім пәк емес. Умраға барғаннан кейін қойғанмын. Жігіт болған соң қараған болармын. Адам өзгеруі керек қой енді. Ал саған қашан жазғанымды білмеймін. Хайырлысы енді. Болған іс болды. Бәрі көрді. Бұл іске Алла алдында өзім жауап беремін. Кешірім сұраймын. Өмірлік жарым табылып жатса, үйленемін. Сенен кешірім сұраймын”, – деп жазған хатта. 

Фото: https://www.tiktok.com/@a1sulu.kk

Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалған еді.