Оралдық полицейлер браконьерден 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

Оралда полиция қызметкерлері 600-ге жуық киік мүйізін тәркіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы барысында автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 593 дана киік мүйізі табылған. 

Көлік тізгіндеген азамат Атырау облысының тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.