Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттаған Шымкент тұрғыны ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

28 ақпан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен шымкенттік ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша ол ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шетелдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.