Қуат Хамитов 64 қарсыласын жеңген чемпионмен жұдырықтасады

Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады.

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қуат Хамитов (26-7-2) ресейлік Александр Шлеменкоға (64-15-1) үн қатты, – деп жазады Aikyn.kz.

Vesti.kz хабарлағандай, спортшылар 4 мамыр Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында жұдырықтасады. Бұл айқас аралас жекпе-жектен RCC лигасы 19-турнирінің басты жекпе-жегі болады.

"Челябіде көрісеміз, чемп", – деп жазыпты Хамитов Instagram желісіндегі стористе.

Шлеменко кәсіпқойда 2004 жылдан өнер көрсетіп, құрылғалы бері америкалық Bellator MMA лигасында жұдырықтасты. 12 жеңіс нәтижесі бойынша, ол Bellator гран-приін екі рет иеленді, орта салмақта чемпион атанып, оны үш рет қорғады.