Ер адам министрден сәбиді құтқарған өрт сөндірушіні марапаттауды сұрады

Құтқарушының видеосын министрлік жариялады.

Астанада ер адам Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен төрт айлық баланы өрттен аман алып қалған өрт сөндірушіні ерлігі үшін марапаттауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-МӨСБ өрт сөндіруші құтқарушысы Мақсат Лесхан төрт айлық баланы өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден алып шыққан.

Құтқарушының видеосын министрлік жариялады.