Тоқаев Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.