Италиядағы турнир: Римма Волосенкоға Олимпиада жолдамасы бұйырмады

Бұған дейін Жайна Шекербекова (51 кг) бірінші жекпе-жегінде сүрініп, жарысты аяқтаған болатын.

Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Бусто-Арсициода (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

60 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз төрешілер шешімімен словакиялық Мирослава Единаковдан жеңілді.

Бұған дейін Жайна Шекербекова (51 кг) бірінші жекпе-жегінде сүрініп, жарысты аяқтаған болатын. Ол нигериялық спортшы Шукура Каримнен айласын асыра алмады.