Жетісу облысында астық элеваторы өртенді

Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр қозғалтқышының тұйықталуы.

Жетісу облысы Алакөл ауданында шаруа қожалығының аумағында 5 тонна жүгері мен астық кептіру элеваторы өртенген, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр қозғалтқышының тұйықталуы. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.