Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облыстарында және Астана қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Компания мәліметінше, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ болады деп болжанады.
Соған байланысты, жүргізушілерден қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.