Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсицио қаласына (Италия) барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыста 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынап жатыр.
ҰОК басшысы шешуші жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл – Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.
Айта кетелік, бүгін, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді, ал Наталья Богданова мен Айбек Оралбай 1/8 айналымда жарыс жолына шығады.