Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтері, кардиохирургтері, анестезиологтері мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен қатар Астана қаласында күту парағында тұрған бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.
"Медициналық зерттеп-қараудан өту нәтижесі бойынша және комиссияның шешіміне сәйкес 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған.
Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантаттауды сәтті жүргізді", – деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінен.
Реципиент палатаға ауыстырылды, бүгінгі күні оның жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр.
Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.
Үшінші ағза – жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.