Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) Париж жолдамасына қол жеткізген еді.

Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Махмұд Сабырхан  Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд ширек финалда тәжікстандық Ашрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді. 

Қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алғанын естеріңізге саламыз. 

Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) Париж жолдамасына қол жеткізген еді.