Щучинскіде қаңғыбас иттерді тамақтандыруға кеткен әйелдің мәйіті табылды

Әйелдің РФ азаматы екені анықталды.

11 наурыз күні таңғы сағат 7:00 шамасында Щучинск қаласындағы "Балдәурен" лагерінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz..

Instagram-дағы  aqmolive парақшасының мәліметінше, 1997 жылы туған Татьяна Михайлова түскі уақытта қаңғыбас иттерді тамақтандыруға шығып кеткен. Әйелдің РФ азаматы екені белгілі болды. Ол кейінгі екі жылда Щучинск қаласында тұрып жатқан. 

«Денесінде зорлық-зомбылықтың ізі байқалмаған. Азаматшаның денесі Мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды», – делінген хабарламада. 

Онымен бірге тұрған азаматтың айтуынша, Татьяна сағат 19:00 шамасында қоңырау шалып, ыстық ванна дайындап қоюын өтінген. Қатты тоңып қалғанын және сәлден соң үйге оралатынын айтқан. Алайда содан кейін азаматша байланысқа шықпаған. Әйелдің алкогольді ішімдікке әуестігі болмағаны, есепте тұрмағаны анықталды.