Конференцияда сондай-ақ Илон Маск, Microsoft, Google, Netflix және әлемнің басқа да жетекші компанияларының өкілдері сөз сөйледі.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Қазақстанның халықаралық конференцияларда жеткен жетістіктерімен әрдайым зор мақтанышпен бөлісіп отырамын. Еліміздегі цифрландыру және инновациялар нәтижесі көптеген ел үшін еліктеуге лайық үлгі болып отыр. Бұл Қазақстанның және жалпы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға жағымды әсер етеді. Жетекші халықаралық инвесторлар мен технологиялық компаниялар Kaspi.kz-тің және еліміздегі инновацияның дамуын ерекше қызығушылықпен жіті бақылап отыр. Әр қазақстандыққа мың алғыс. Бірлесіп жұмсаған күш-жігеріміздің арқасында біз Қазақстанды инновациялардың әлемдік картасына қойып, тарихты жасаймыз. Әлемдік деңгейдегі сервистер жасауға шабыт бергендеріңіз үшін сіздердің әрқайсыңызға рақмет!»
Media and Telecom, Morgan Stanley Technology конференциясы 30 жылдам астам өткізіліп келеді. Жыл сайын ол бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін елеулі оқиға болып отыр.