Коммуналдық кәсіпорынның хабарлауынша, Розыбакиев – Малахов – Каблуков – Штраус көшелерінің бойындағы үйлер мен ғимараттар жылусыз және ыстық сусыз қалған, – деп жазды Aikyn.kz.
Ресми ақпарат бойынша, апаттың себебі – магистральды жылу желісі учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдайдың туындауы.
"2002 жылы пайдалануға берілген диаметрі 700 мм құбырдың ақаулы учаскесін шұғыл ауыстыруды "Алматы жылу желілері" ЖШС авариялық бригадасы жүргізуде", – делінген жергілікті әкімдіктің мәліметінде.