Үйінде жанжал болған: Оралда қыз көпірден секірмек болды

Оралда патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды.

Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сақшылар шапшаңдық танытып қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді",  деп хабарлады полициядан.

Белгілі болғандай, мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетіп жатыр.