Ақтөбе қаласында өрт сөндірушілер 11 адамды, оның ішінде 2 баланы өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Қаладағы 12-шағын ауданындағы 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабаттағы пәтерде жиһаз жанды. ТЖД күшімен жоғарғы қабаттардан баспалдақпен 11 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.
04:17-де өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы екені анықталды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 33 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды.