Бүгін, 18 наурызда таңғы сағат 07:20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша өрт 1000 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамынан 65-тен астам адам және 15 техника жұмылдырылды.