Түркістан облысында 29 жастағы қыз құдық құбырына құлап кетті

1994 жылы туған қыз Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар түскен.

Түркістан облысында 29 жастағы қыз құдық құбырына құлап кетті, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін сағат 9:18-де 1994 жылы туған қыздың Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар түскен. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды.

Құтқару жұмыстарына ТЖД-ның, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылды.