Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Грекияға ұшып барды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады.

Геннадий Головкин Афинаға Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен барған. Ол Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын трибунадан тамашалап, ұлттық құрамаға қолдау көрсетпек.

Айта кетейік, бүгін, 21 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өтеді. Матч сағат 00.45-те басталады және  Qazsport,  Qazaqstan телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияны жеңген жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.