Ертіс өзенінде мұз жарылып, 11 жастағы баланы ағыс ағызып әкеткен

Бір топ бала су қоймасының жанында ойнап жүрген.

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлерінің мәліметінше, бір топ бала су қоймасының жанында ойнап, мұз үстіне шыққан. Нәтижесінде, мұз бөлініп, өзен ағысы баланы жағадан 3 метрге ағызып әкеткен.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлерінің бірлесе жұмыс істеуінің арқасында балалар аман-есен құтқарылды. Хабарлама түсе салысымен құтқарушылар Смағұлов Шыңғыс пен Тұрғанов Ринат дереу көмекке барып, құтқару арқаны арқылы  оларды жағаға шығарады. Балаларға медициналық көмек қажет болмады», – делінген хабарламада.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға және мұздағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.