Алматы облысында лай көшкіні жүрді, тұрғындар көшіріліп жатыр

23 наурызда сағат 00.20-да Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығы маңында топырақ құлады.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 23 наурызда сағат 00.20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында "Бурабай" коттедж қалашығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын салдарынан топырақтың батпақтанып, тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына құлағаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысқа (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді.

"Түскен топырақтың болжамды көлемі – 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады. Оқиға орнында ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін "Қазселденқорғау" қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын. Тәуліктің қараңғы уақытына байланысты топырақ құлауы мүмкін жерлерді мұқият тексеру жүргізу қиындық тудырып жатыр", – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел медициналық жәрдем бригадасы шықты.