eGov қызметі жұмыс істемей тұр

eGov қызметінің уақытша тоқтатылғаны мәлім болды.

Сайтта техникалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Aikyn.kz.

eGov сервисінің жұмысы 24 наурызда таңғы жетіден бастап қолжетімсіз. 

"Сіздерге қолайлы болу үшін сервис пен жобаларды үнемі жетілдіріп отырамыз. Жаңалау арқылы сервис жұмысы сіздерге ыңғайлы бола түседі. Осыған байланысты, 2024 жылдың 23 наурызында сағат 21.00–ден бастап 2024 жылдың 24 наурызында сағат 07.00-ге дейін уақытша сайт жұмыс істемеуі мүмкін",  делінген ақпаратта.