Қоянды ауылында су тасқынына қарсы жұмыс қалай жүріп жатыр?

Қоянды ауылында 80 мың текше метр еріген қар суы сорылды.

Ақмола облысындағы Қоянды ауылында су сору жұмыстары әлі жалғасуда. Қазір жағдай қалыпты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен техникасы тартылған. 

«27 наурыз күнгі сағат 06:00 жағдай бойынша Қоянды ауылында 80 мың текше метр еріген қар суы сорылды. Бұған Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан 76 адам, 17 техникасы және 18 мотопомпа тартылды. Қазіргі кезде жағдай қалыпты», Ц деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Қанат Доспаев.

Бұған дейін Қоянды ауылының тұрғындары су тасқынына байланысты төтенше жағдай жариялауды талап етіп, жолды жауып тастағанын хабарлаған едік.