Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында еліміздің көлік саласына жауапты министрі Бейжің қаласындағы Қытайдың екі ірі қаржы институты Eximbank China және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенттері У Фулин және Цзинь Лицюнмен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келіссөздер елдің көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын қолдау үшін шетелдік инвестицияларды тарту шеңберінде ұйымдастырылды.
Көлік ведомствосының басшысы жол желісін жаңғырту, теміржол жолдары мен теңіз порттарын кеңейту салаларында қазақстандық көлік инфрақұрылымын дамытудың әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары бойынша келіссөздер жүргізді.
Кездесу қорытындысы бойынша қаржы институттарының өкілдері өңірлік және халықаралық сауданы дамыту, сондай-ақ ел ішіндегі көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, сонымен бірге перспективалы жобаларға инвестиция салуға дайын екендерін білдірді.