Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер іріктелді

Жоғарғы соттың хабарлауынша, отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылды.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылды.
Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 16:00-ге белгіленді.
Сондай-ақ Қ.Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
 
Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Туысы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).