Астанада 63,5 келі салмақтағы алты боксшы Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысу үшін ресми спарринг өткізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының кеңесшісі Жалғас Тукешов мәлім етті. Оның айтуынша, спарринг 8 - 10 сәуір аралығында өтеді.
Бұған дейін Қазақстан командасы алты салмақта Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын. Енді тек қана 63,5 келі салмақта Париж жолдамасы қазақ боксшыларына бұйырмай тұр.
Осыған байланысты алты боксшы өзара кездесіп, жеңіске жеткені лицензиялық турнирге барады.
Спарринг өткізетін алты боксшы:
Ертуған Зейнуллинов
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Серік Теміржанов
Дулат Бекбауов
Жандос Қыдыралинов
Төрехан Сабырхан