Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі су тасқынына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Жаздың алдында көктем бар… Су басқан өңірлерден тараған видеолар жан түршіктіреді. Қаншама мыңдаған адам зардап шекті, қаншама мыңдаған отбасын шаңырағынан айырылды, қанша дүниенің күлі көкке ұшты. «Әттеген-ай» дейтіндей-ақ бар. Қолдан жасап алған проблема ғой. Шымшық сойған қасапшы да ағаттық жіберіп тұр. Халықтың қалауы, пікірі, билік өкілдерінің тапсырмасы, қауқары бас болып тұрғанымен, мойынсыз (президент) ештеңе істей алмайды екенбіз… Иә, жүрек, уайым бәрімізде бірдей. Адамбыз ғой… Табиғат апаты айтып келмегенімен, қолдан жасалған проблема екенін сіз бен біз жақсы біліп отырмыз. Әрине, кінәлілер орнын босатып, біразы жауапқа тартылады. Мәселенің алдын алмағаннан кейін кейбір әкімдер де сөгіс алды. Осындай кезеңде қол ұшын созып, көмек беріп, сбор ашып жатқан қорлар, тұлғалар, белсенді халық – күшіміз бірлікте екеніне тағы бір дәлел! Әлемді мейірім құтқарады. @tokayev_online өзі қатаң бақылауға алған жағдай шешімсіз қалмайды. Зардап шеккен отбасыларға Үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі. ...Былтыр жазда болған су тапшылығы, биылғы апаттың кесірі енді қайталанбайды деген үміттемін», - деді тележүргізуші.