Бақытжан Сағынтаев Президентке Қазақстан мен ЕЭК арасындағы ықпалдастық туралы баяндады

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады,  деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы қызметіне кірісуімен құттықтады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына ЕЭК қызметінің басым бағыттары және оны одан әрі дамыту перспективасы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕЭК арасындағы өзара ықпалдастықтың жай-күйі туралы баяндалды.

Сонымен қатар кездесуде 2030 және 2045 жылдарға дейінгі «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сондай-ақ биыл мамыр айында Мәскеуде өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық отырысына дайындық мәселелері талқыланды.