Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Алғашқы» бағдарламасында үйленген кезі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі жас кезінде қызды қарату үшін қулыққа барғанын жасырмады.
«Жеңгелеріңе үйленген кезде ол екінші курста оқитын студент еді. Өз тойымды өзім жасаған адаммын. Той жақсы өтті. Тойдан кейін досымның үйіне барып тұрдық. Баратын жеріміз жоқ қой. Осы жерде бір өтірігім жайлы айтайын. «Үйім бар десем маған көніп, тиетін шығар» деген оймен жүріп жүрген кезімде «Басымда екі үйім бар» деп алданмын. Риза болғаным, әйелім үйленген соң «Сол кезде айтқан үйіңіз қайда?» деп сұрамады. Мен көрген қорлықтың жартысын тең бөлісіп, көтерді. Кейде ренжитін, кейде маған тигеніне өкінген де шығар. Бірақ «Үйім бар деп едің» деп бетіме баспады. Құдай өзі сәтін салып, Иманғали Тасмағамбетов қалаға әкім боп келгенде маған екі үй берді. Сол кезде әйеліме «Баяғыда айтқан екі үйім осы еді» деп әзілдеп айтқаным бар. Менің бар кінәм – алдын ала айтып қойғаным» - дейді Қалдыбек Құрманәлі.