Су тасқынына байланысты эвакуацияланған сотталғандар қашан БҚО-ға оралатыны белгілі болды

Су тасқыны кезінде Ақтөбе облысына эвакуацияланған тұтқындар БҚО-ға оралады.

"Мой город" басылымы атап өткендей, БҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин Ақтөбе облысына эвакуацияланған 700 тұтқын 10 мамырдан кейін Батыс Қазақстан облысына оралатынын хабарлады.

"Су басу қаупіне байланысты №27 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі 700 тұтқын айдауыл көмегімен теміржол арқылы Ақтөбе облысына жеткізілді. Барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асыру үшін 400-ден астам әскери қызметші қажет болды", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін СҚО прокурорының орынбасары Әбу-Әли Саттар Петропавлдағы түзеу мекемесінде қамаудағылардың қайда этаппен жібергенін хабарлаған еді.