Қазақстан Нидерландыны тізе бүктіріп Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне өтті

Қазақстан Нидерландыны тізе бүктіріп Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне өтті

Қазақстан Нидерландыны мерзімінен бұрын жеңіп, Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде Юрий Щукиннің шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші Александр Бублик үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол Робин Хасемен кездесіп, оны екі сетте жеңді - 7:6 (7:4), 6:1. Нұр-Сұлтандағы кездесу Хасе мен Михаил Кукушкиннің матчымен басталды. Нидерландық қонақ 6:4, 6:7, 6:3 есебімен отандасымыздың алдын орап кетті. Алайда, Бублик Таллон Грикспурды 7:6, 7:6 жеңіп, есепті теңестірді. 7 наурыз күні кортқа Андрей Голубев пен Александр Недовесов шықты. Олар нидерландтықжұп  Жан-Жюльена Ройена мен Робин Хаседен 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан 23-29 қараша аралығында Мадридте өтетін Дэвис Кубогының ақтық кезеңіне жолдама алды.