Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы 09:12-де Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.2.
MPV Магнитудасы – 5.7.
Жер сілкінісінің координаттары – 42,73° с. б. 79,21° ш. б.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Қазақстан аумағында нақты Алматы облысының Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балл көлемінде сезілген.