Өнер иесінің бұл фильмі рекорд орнатқан болатын. Оған жұмсалған қаражат пен актерлардың гонорарын халық әлі күнге дейін талқылап жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.
“Таиландта “Хотя бы в киноны” түсіргенде Олжаспен таныстым. Өте мықты актер. Сол жерде-ақ Олжаспен өзара келістік. "Осындай сомаға түсіп бер" дедім. Оған 6 млн теңге бердім. Мен өзім кино саласында жүріп, ешбір кинопродюсерден 6 млн теңге алмағанмын”, – деді актриса.
Алайда Олжас Абай аталған кино сәтті шыққаннан кейін өз гонорарын көтергенін жасырмады.
"Өткен жылға 6 млн теңге деген жақсы баға десем де болады. Ал кейін мен түскен кинолардың барлығы жақсы касса жинады. Соңғы 5 киномның өзі 1 млрд жинаған. Содан кейін 6 млн теңге мен үшін аз екенін түсіндім. Бірақ продюсерлердің арасынан ең көп төлеген Дариға", – деді актер.
Сонымен қатар Бадықова тырнақалды туындысынан тапқан 2 млрд теңге табысын қайда жұмсағанын айтты.
"2 млрд теңгенің тең жартысын 1 млрд теңгені "Kinopark"-қа бердім. Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ. Пайызын "Sulpak" компаниясына бердім. Құрбыларым берген қарыздан құтылдым. Бәріне алғысымды айттым. Мен өзім шашып жүретін адаммын. Жан-жағыма бердім. Екінші киноға ақша алып қалдым. Өзіме пәтер сатып алдым. Еңбегім бар ғой. Оны да алмайтын едім. Барымен базар деп жүре беретін едім. Жылжымайтын мүлік болсын деген оймен алып қойдым. Көлік алмадым. Өз көлігім бар", – деді кинопродюсер.