Әйелдердің халықаралық мейрамы және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары Алматы қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын паналаған Ұлы Отан соғысына қатысқан әйелдерді құттықтады.
Ел басына күн туған шақта патриотизмнің үздік үлгісін көрсете білген асыл жандарға алғысымызды жеткіземі. Бүгінгі бейбіт күніміз сол кісілердің арқасы. Өзіміздің ыстық ықыласымызды, алғысымызды, құрметімізді жеткізу үшін Отан соғысынщда ерлік көрсеткен ардақты апаларымызды құттықтауға келдік, - дейді 4 курс курсанты Абылай Мұстабеков.
Сұм соғыстың ызғарлы жылдарында бәрін де бастан кештік: суықты да, аштықты да, өлімді де көрдік, соның барлығы мына тәтті өмірдің бір сәті үшін еді, - деп көз жасына ерік берді ардагер.Жеңісті Тынық мұхитында Қиыршығыс майданында Жапонияға қарсы соғыс жүріп жатқанда қарсы алған. Сол соғысқа қатысқаны үшін "Кореяны азат еткені үшін" медалімен марапатталған. Валентина Смирнова Тынық мұхиты флотында әскери қызметін өткеріп жүрген жерінен 1946 жылдың ақпанында ғана елге қайтарылған. Теңіз флотын офицер мамандармен жасақтаумен айналысқандықтан жеңіс жарияланғаннан кейін де 9 ай әскери міндетін өткеруге тура келген.