Талдыкөл ауылын су басу қаупі жоғары

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашев хабарлағандай, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Талдыкөл ауылын су басу қаупі жоғары.

Бүгінгі таңда ауыл маңында 3 км қорғаныс бөгеті салынды, оның 800 м бекінісі жаңартылып жатыр, – деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб. 

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашев хабарлағандай, Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Талдыкөл ауылын су басу қаупі жоғары. 

«Жағалауды нығайту жұмыстарына 25 бірлік арнайы техника, 28 әскери қызметші және ҚР ТЖМ 15 қызметкері жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындар мен сарбаздардың күшімен жерге 28 мың қап төселді. Талдыкөл орта мектебінде 300 орындық эвакуация пункті дайындалды», – деді Сейілбек Зұлхашев. 

Қазіргі уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтарының иелеріне су басу қаупі туралы ескерту берілді. Қауіпсіз жерлерге 200 бас ешкі мен қой, 300 бас сиыр көшірілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА