Тасқын болған өңірлерде үйлердің құрылысы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны болған өңірлерде инфрақұрылымды қалпына келтіру және тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновке мәлімдеді.

Аймақта 4 мыңға жуық от­басыға жалпы сомасы 1,5 млрд тең­геге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Азаматтардың баспана мә­селесін шешу бойынша шара­лар кешені қабылдануда. Өңір­де барлығы 3,8 мың үй су ас­тын­да қалып, оның бүгінде 1,3 мыңы тек­серілді. Петропавл қаласы­ның «Солнечный-2» ықшамау­данын­да бекітілген үш жоба бо­йын­ша 500 тұрғын үй салы­нады. Тиісті мемо­ран­дум жаса­лып, қажетті инже­нер­лік ин­фра­құрылым жүр­гізілді. Мәсе­лен, «Қазақстан халқына» қо­ры­ның қара­жатына 100 үй салы­нып жатыр. Kazakhmys кор­порациясы қор арқылы тағы 100 үй сала бас­тады. Ірі панельді құрылысқа маманданған елор­далық «GLB үй құрылысы ком­бинаты» зауыты Kaspi АҚ қара­жатына 300 тұрғын үй салады.

СҚО тұрғындарына бас­пана сатып алу үшін жылжы­майтын мүліктің бастапқы және қайталама нарықтары не­гізінде пәтерлер пулы жа­сақ­талды. Петропавлда алғаш­қы 7 пәтер сатып алынды, атал­­ған жұмыс одан әрі жал­ғасады. Ойқала ықшамау­данын­да және Былғары кен­тінде 26 үй мен 7 пәтерге жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жа­тыр.

Жалпы алғанда, бүгінде ық­­шамаудандар мен ауылдарда жөндеу-қалпына келтіру жұ­мыс­тарын жүргізу үшін 800-ден астам жұмысшы мен 400 бір­лік техника жұмылдырыл­ған. 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жедел­детуді, сондай-ақ өңірде егіс науқанын уақытылы әрі сапа­лы жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.