Нұр-Сұлтанда 9 наурыз күні ақша айырбастау орындары долларды 391-395 теңге бағасымен сатады: ақпаратты kurs.kz сайтында тексеруге болады Бұл ретте демалыс күндері доллар бағамы 382,05 теңге болғанын ескерсек, АҚШ валютасы бір күнде 13 теңгеге қымбаттаған. Алматыдағы айырбастау орындарында доллар бағасы одан да жоғары. Оңтүстік астанада 398 теңгеге дейін, Шымкентте 397 теңгеге дейін жетеді. АҚШ доллары мұнай бағасына ілесіп құлдырады. Ал ол өз кезегінде, – ОПЕК+ елдері министрлерінің Венадағы келіссөздері сәтсіз аяқталды деп хабарлағаннан кейін арзандаған болатын. 9 наурыз - Қазақстанда демалыс күні, банктер жұмыс істемейді және теңгенің ресми бағамын тек 10 наурызда ғана білуге болады.