Алматы облысында Ақсай бөгетінің аймағында жер опырылды

Ақсай бөгетінің аймағында жер опырылып түсіп, салдарынан жол жабылды.

Ақсай бөгетінің аймағында жер опырылып түсіп, салдарынан жол жабылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлім етті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бүгін кешкі сағат 16:50-де Ақсай бөгетінің алдындағы автожол учаскесінде көлемі 3,5 текше метр топырақ құлады. Оның бір бөлігі Ақсай өзеніне түсіп, су лайланды. Судың өтуі транзиттік режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ апат аймағындағы жол учаскесі жабылды. Айналма жол ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген әкімдік хабарламасында.

Апатты жою жұмыстарына Қарасай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамның 2 маманы, 1 техника, 4 мемлекеттік қызметкер жұмылдырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.