Сарыағаш ауданының полициясы кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы тұрғынның арызы бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жоғалған баланы іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік, еріктілер және бейжай қарамайтын азаматтар тартылып, полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Қазір аулаларда іздеу жүргізілуде. Жақын маңдағы аумақтар, қараусыз қалған ғимараттар, канал жағалаулары және қыз бара алатын басқа да бағыттар жан-жақты тексерілуде.
Полиция қызметкерлері баланың жүрген жері туралы ақпарат білсеңіз, 102 телефонына хабарласуды сұрайды.