Ақтөбе облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты

Оқиға Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған.

Өрт орнынан 1955 және 1958 жылдары туған екі адамның мәйіті табылды, – деп жазады Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушыларының күшімен 90 шаршы метр аудандағы өрт жойылды, себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертті.