Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соқтығысып, көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болды.

Павлодарда автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі жазғандай, жол-көлік оқиғасы Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында орын алды.

Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

«Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, соқтығысудың алдын ала себебі – инфаркт», – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сараптама тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.